AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көзім жұмылмайды, бетім қозғалмайды": Cұлулық байқауының қатысушысы пластикалық отаның құрбаны болғанын айтты

Ресейлік сұлулық байқауының қатысушысы пластикалық хирургияның құрбаны болғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты. 2020 жылдың қысында әйел ота жасауды шешкен, алайда қазір бұл шешіміне қатты өкінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

43 жастағы Юлия Тарасевич екі жыл бұрын "Ресей вице ханымы – International 2020" сұлулық байқауында екінші орын алған. Көп ұзамай ол Ресейдің оңтүстігінде Краснодардағы клиникада бірқатар процедуралардан өтуге шешім қабылдаған.

2020 жылдың қысында әйел ота жасауды шешкен, алайда қазір бұл шешіміне қатты өкінеді. Себебі қазір ол көзін жұма алмайтын хәлге жеткен. Тіпті күлімсіреп, бетінің бұлшықеттерін қозғалта да алмайды. Instagram-да Юлия "Медист" атты клиникада ота жасағандығын айтқан. Дәрігерлердің айтуынша, аллергия тудырған препараттың салдарынан асқынулар пайда болған. Алайда отаны жасаған хирургтар Омар Халед пен Андрей Комаров әйелдің генетикалық ауруы болғаны осындай жағдайға әкелгенін айтып, оған операцияның еш қатысы жоқ екенін алға тартқан.

Екі баланың анасы ота жасатқан соң беті ісіп кеткенін айтып берді. 3000 фунт стерлинг (1 млн 770  мың теңге) тұратын отаға блефаропластика (қабақтың косметикалық түзетуі) және мини-липосакция кірген. 

"Мен оларға әп-әдемі, ешбір кінәратым жоқ қалыпта  келдім", – деді ол.



Айтуынша, қартаюды алдын алу мақсатында бетіндегі кейбір жерлерді түзеткісі келген. Өкінішке қарай, денсаулығына зиян келтірген. 


Юлия операциядан соң қалпына келгеніне қарамастан, бетінің ірі бөліктерін қозғалта алмайды, тіпті көзін жұма алмайтынын айтты. Сондай-ақ ол емделуге 20 000 фунт стерлинг (шамамен 12 млн теңге) жұмсаған, бірақ нәтиже болмады дейді ол.

Қазір ол өзінің алғашқы операцияларына қатысқан екі дәрігерге қылмыстық шағым түсірді, дегенмен олар асқыну сирек генетикалық ақау салдарынан пайда болды деп отыр.

“Мен мұның бәрін қалай бастан өткергенімді білмеймін. Төрт ай бойғы бетімнің ісіп жүруі, анамның ауырып қалуы, әкемнің қайтыс болуы, әлемдегі барлық дәрігерлерге қаралу, диагноздар, үмітсіздік, шарасыздық. Бірақ бұл клиника тек бір рет қана маған шығып, өздерінің "диагнозын" қойды. Мен қол қою үшін қағаздарын беруге асықты", – деп жазды әйел.

Оның айтуынша, қазір ол үнемі бетперде тағып жүруге мәжбүр, өйткені бет сүйегі өзгере бастаған.

Операция нәтижесінде науқаста екі жақты нейропатия пайда болған (бет нерв жүйесінің жалпы симметриялық әлсіздігі және бет аймағындағы трофикалық бұзылулар, аяқ-қолдың салмағын жоғалту, шаштың түсуі, терінің құрғауы, терлеудің төмендеуі).

“Көзім жұмылмайды, күлімсірей алмаймын. Үстіңгі ернімді көтере алмаймын. Ал бетімнің бір бөлігі мүлде қозғалыссыз қалды.

Отаға еш қобалжымай келіп едім. Себебі талдау қорытындысы жақсы шықты. Осыған дейін маған жасалған пластикалық ота сәтті өткен, ешқандай генетикалық ауытқулар болған жоқ. Ал енді хирургтар болған оқиғаға жалғыз өзімді кінәлі етіп көрсетіп отыр", – деді ол.

Сұлулық байқауының қатысушысы енді бұрынғы қалпын қайтара алмайды деп жазады шетелдік басылым,

"Менің бетімді құртқан дәрігерлер барлық жауапкершіліктен қашып отыр. Сондықтан сотқа жүгіндім”, – дейді зардап шеккен әйел. 

Қазір Юлия ота жасаған екі дәрігерді сотқа беруде, бірақ олар асқыну генетикалық ақау салдарынан пайда болғанын мәлімдеді. Андрей Комаров және Омар Халед аруда сирек кездесетін склеродерма ауруы болғанын айтқан. Олардың сөзінше, бұл ауруды болжау мүмкін емес еді.

Андрей Комаров және Омар Халед

Ресейдің тергеу комитетінің мәліметінше, қазіргі уақытта ол және Доктор Комаров пен оның әріптесі "өмір мен денсаулық қауіпсіздігі" туралы заңдарды бұзғаны үшін тергелуде.

"Денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды, сондай-ақ осы емханада сапасыз қызмет көрсетуден зардап шегуі мүмкін басқа да пациенттер анықталуда”, – деді Комитеттің баспасөз хатшысы Анна Пушкина.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр