AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам өз бетінде есімі татуировкамен жазылған қызын өлтірген

30 жастағы АҚШ тұрғыны Ховард Янсен үш жастағы қызын өлтіргенін мойындады. Оливия Янсеннің денесі 2020 жылы Канзас-Ситиде табылған. Ал өзге балалары Ховардтың құрбысы Жакулин Киркпатриктің Оливияның басын қабырғаға соғып, итке арналған торға қамап қойғанын айтқан. Сараптама Оливияның бас жарақатын алғанын және миына қан кетіп қаза тапқанын көрсеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап. 

қызын өлтірген

Сурет: Daily Mail басылымынан

Полицейлер Оливия Янсеннің денесін 2020 жылдың 10 шілдесінде Канзас-Ситидегі орманды алқаптан тапқан. Қыздың жоғалғаны жөнінде әкесі Ховард хабарлаған.

Екі апта бұрын 30 жастағы Ховард Янсен өзінің қызын өлтіргенін мойындаған. Ховард Оливияның есімін татиуровкамен бетіне жазып алған. 

Сот сараптамасы қыздың зорлық көргенін және бас жарақаты болғанын анықтаған. Ол миына қан кетіп көз жұмған. 

Ал Ховардтың құрбысы Жакулин Киркпатрик үш жастағы Оливияның өліміне қатысы бар екенін мойындаған соң 31 жылға абақтыға қамалған. Сонымен қатар оған құқық қорғау органдарының тергеу жұмыстарына кедергі келтірді деген айып тағылған. 

Прокуратураның мәліметіне сүйенсек, Жакулин Киркпатриктің ісін тыңдау кезінде өзге балалары әйелдің Оливияны итеріп, басын қабырғаға соққанын айтқан. Сонымен қатар ол қызды итке арналған торға қамап, ұзақ уақыт бұрышта тұруға мәжбүрлеген. 


Ата-анасы зорлық көрген 5 жасар қызын жауыздықпен өлтірген


2020 жылдың 10 шілдесінде Ховард Янсен Канзас-Ситидегі полицияның штаб-пәтеріне келіп, қызының жоғалғанын хабарлаған.

Бұдан кейін полицейлер дронның көмегімен қызды іздеу жұмыстарына кіріскен. 

Оливияны іздеген полицейлер қыздың мәйітін 9 сағаттан соң орманды аймақтағы жаяу жүргіншілер жолынан тапқан. Ресми ақпарат көздері Ховардтың бір күн бойы мағынасы жоқ, қате ақпарат бергенін айтады. 

Оқиғадан бірнеше ай бұрын Оливияның ата-әжесі немерелерінің өміріне алаңдайтынын және онымен кездесуге рұқсат бермейтінін айтқан. 

Айта кетейік, бұған дейін Қытай азаматы 6 ай бойы құлдықта болғанын мәлімдеген еді. Қарақшылар ер адамның қанын алып, сатып отырған. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр