Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көзге жас келтіретін бейнебаян. Динара Сұлтан мүгедек балаларды қолдап клип түсірді (видео)

Динара Сұлтан «Қасиетті жол» қоғамдық қайырымдылық қорының мүшесі атанып, оны қолдау мақсатында «Арманда» атты бейнебаянын жарыққа шығарды. Түсірілімге мүгедек және көмекке мұқтаж балалар қатысқан.

Screenshot_1

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Достар Мен «Қасиетті жол» қоғамдық қайырымдылық қорының «Қазақстан жақсылық жасайды» жобасына қатысып, қормен бірге «Арманда» бейнебаянын түсірдім. Қазақстандықтарды әртүрлі мақсатта жақсылық жасауға шақыратын қорды қолдау – мақсатым» – деп жазды әнші желідегі парақшасында.

“Арманда” деп ән салған әнші тағдырдың кез келген соқпағына мойымай, армандап, алға қарай ұмтылу керектігін айтқан.

Желі қолданушылары Динараның мейірімділігіне тәнті болды.

«Алла ұзақ ғұмыр берсін», «Мейірімді, талантты, шынайы! Балапандар аман болсын», «Жарайсың, сендей қыздар көп болса екен елімізде», «Балаларға денсаулық тілеймін. Ал Динараға ерекше алғыс, мұндай жобаға қатысу оңай дүние емес», «Көзге жас келтірді», «Сізді мақтан тұтамыз», – дейді олар.

Иә, мүгедектік – армандауға, өмірге құштар болуға кедергі емес! Жарайсың, Динара! Осындай туындылар көбейе берсін!


Жіберіп алмаңыз: 

Көруге тұрарлық бейнебаян: Молданазар қазақстандықтарды елжіретті (видео)

Динара Сұлтан қыздарын тек қазақша сөйлетіп, өнерге баулып жүр (видео)

Динара Сұлтан көрмеде ұлымен бірге ән айтты (видео)

Ұлын арқалап тұрып ас әзірлеген Динара Сұлтан жұртты сүйсінтті (видео)

Талқылау