“Көз тимесін” ұғымы қайдан шыққан
Қазақ арасында адамға науқастанып қалмас үшін "көз тимесін" деп жатады. Бірақ бұл сөз тіркесі қайдан шықты? Бұлай айтудың сыры неде? Осы сұрақтарға бүгінгі материалымызда жауап береміз.

Тіл-көз тию – қазақ қоғамындағы ескіден келе жатқан нанымдардың бір түрі. Қазақ жақсы адамға, сұлу қызға, жүйрік атқа, жас нәрестеге, тіпті адамның дәулеті мен атақ-абыройына да көз тиюі мүмкін деп ойлайды. "Тіл-сұқ тас жарады" деген сөз осыдан шықса керек. Бала кенет науқастанып қалса, көз тиді, біреудің сұғы өтті деп жорып, оған түрлі әдіспен ем жасаған.
Халық емшілігінде бала кенет сырқаттанып қалса, оған "тіл-көз тиді, біреудің сұғы өтті" деп жорып, әртүрлі ем жасап, дұға оқып жатады.
"Көз тимесін", "Сөз тимесін" деп, қызыға қараған адамға, нәрсеге түкіріп, көз тиюдің алдын алады. Міне, осылайша бұл тіркестер әлі күнге дейін қолданылып келеді.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі