Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Костенко шахтасында тағы бір кеншінің денесі табылды

Соңғы мәліметтер бойынша, 43 адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: kirov.bezformata.com

ТЖМ мәліметінше, үш адам әлі де іздестірілуде. Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы 55 тау-кен құтқарушысы мен 15 техника жұмылдырылған. Жедел медициналық көмек көрсету үшін 21 адам мен 7 жедел медициналық техника жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ алғашқы анықталған қаза тапқан кеншілердің есімдері белгілі болды:

  • Мордасов Виталий Анатольевич;
  • Югай Александр Викторович;
  • Адампаев Ербулат Мұратұлы;
  • Петренко Владимир Ильич;
  • Сайфутдияров Альберт Рифович.

Шахта директорының айтуынша, қалған мәйіттерді әзірге анықтау мүмкін болмай тұр.  

Айта кетейік, Қарағанды ​​облысындағы Костенко шахтасында қайғылы оқиға 28 қазанға қараған түні – 02:33-те болды. Жарылыс кезінде шахтада 252 адам болған, 205 кенші жер бетіне шықты, қалғандары жер астында қалды, іздеу жұмыстары тәулік бойы жалғасуда.

Қарағанды, Абай және Шахтинск қалаларындағы ауруханалардың қабылдау және диагностикалық бөлімшелеріне барлығы 28 адам жеткізіліп, 24 зардап шегуші ауруханаға жатқызылды.

Талқылау