Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Костенко шахтасында көз жұмғандар саны өсті

Қарағанды облысында шахтада болған апаттан көз жұмғандар саны өсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

шахта

“АрселорМиттал Теміртау” АҚ бастапқыда 25 кенші көз жұмып, тағы 21 адам іздестіріліп жатқанын мәлімдеген. Дегенмен Қарағанды облыстық әкімдігі 22 адамның мерт болғанын хабарлады. 

Сондай-ақ төтенше жағдайлар министрлігі де 22 кеншінің көз жұмғанын мәлімдеген. 

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департамертінің Костенко атындағы шахтадағы авариялық-құтқару жұмыстарына "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы" ЖШС Қарағанды филиалының 55 адамы мен 12 техникасы жұмылдырылды. 

Жұмыстар екі өндіру учаскесі ауданында жүргізілуде. Көрінетін жану ошақтары жоқ. Газ жағдайын бақылау, сынамаларды алу, сондай-ақ табылған қаза тапқандарды шығару жұмыстары жүргізілуде. Кейбір жерлерде көміртегі тотығының рұқсат етілген концентрациясынан асып кетуі байқалады. Қазіргі уақытта 22 адамның денесі табылды, 24 кенші іздестірілуде”, – делінген министрлік мәлімдемесінде. 

Еске салайық, Костенко шахтасындағы апатқа байланысты 29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды. 

Назархан Уән
Сенбі, 28 Қазан, 2023 13:48
Талқылау