Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайлық әйел тісін жұлдырған соң үш рет ота жасатып, 20 келі салмақ тастаған

Бетіне үш рет ота жасатқан Қостанай қаласының тұрғыны Инна Яковлева тұрғындардан көмек сұрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

50 жастағы Инна Яковлева осыдан екі ай бұрын Қостанайдағы стоматологиялық клиникалардың біріне жүгінеді. Дәрігерлер флюс (қызыл иектің іріңдеуі) деген диагноз қойды.

«Қабынған тісті жұлып алған соң дәрігерлер тағы үш ота жасау керектігін айтты. Себебі, тіске инфекция түсіп, түрлі ауруларға шалдығу қаупі төнген. Бұған көндім. Бетімді үш-төрт жерден тіліп қана іріңді алды. Тесілген жерлерге арнайы түтікшелер салып қойды. Бір жарым айдың ішінде 20-22 келі салмақ тастадым. Бастапқыда басқаша еді, қазір түрлі антибиотиктер бойыма таралып, хәлім қиындап барады», – дейді қала тұрғыны.

Инна Яковлева бірнеше күн бұрын ауруханадан кетіп қалған.

«Ағзам әбден әлсірегенін сездім. Төртінші ота жасау қажеттігін айтқанда, келіспедім. Шынымды айтсам, дәрігерлерге деген сенімім азайып кетті. Бетіме тағы да тілік салғызуға жол бергім келмеді. Екінші жағынан 11 жасар ұлым үйде жалғыз», – деп базынасын айтады ол.

Отбасының басына түскен тауқымет мұнымен шектелмейді. Жалғызілікті ана ұлымен бірге Қостанай-2 шағын ауданындағы ескі үйді жалға алып, паналап отыр. Тұрақты жұмысынан да айырылып қалыпты. Ендігі үміті – жомарт жандарда.

«Үйдің қабырғалары жұқа. Шұрық-тесік жерлері көп. Қыс келе жатыр. Отын-су жағы да қиындайды. Ұлым төртінші апта сабаққа барған жоқ. Қайырымды кісілерден көмек сұрауға мәжбүр болып отырмыз»,- дейді Инна Яковлева.

Оқи отырыңыз:

Қайрат Нұртас «Жұлдызды жекпе-жек» шоуының жеңімпазы атанды

«Нысана» театрының директоры: Ешкімге керек болмай қалатынымды білемін

Айнұр Тұрсынбаева: Жағдайы төмен отбасыларға берілетін киімдерді киіп өстім

Айнұр Тұрсынбаева: Желіге 15 мың теңгенің затын салсақ бәлеге қаламыз

Талқылау