Қостанайлық мектептерде "Күнделік" электронды журналы алып тасталды
Қостанай мектептері “Күнделік” электронды журналынан бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Alau.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Ашық дереккөзден
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады. Ведомство облыстың барлық білім беру ұйымдарында 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап “BilimClass" электронды журналы мен күнделік модулі енгізілетінін мәлімдеді.
“Шілде айында Қостанай облысының білім басқармасы мен "Bilim Land" ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. "BilimClass" жүйесіне ауысқан кезде барлық білім беру ұйымдары мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналары тегін цифрлық ресурстармен қамтамасыз етіледі. Аудандық, облыстық деңгейде мектептердегі, сыныптардағы және пәндер бойынша білім сапасын бақылауға мүмкіндік бар. Деректерді “Күнделік” жүйесінен алып, BilimClass жүйесіне жүктегеннен кейін құжаттарды қоймада тегін сақтауға болады”, – делінген хабарламада.
Bilimcenter.kz модулі қолжетімді болмақ. Бұл цифрлық портал біліктілікті арттыру курстарынан өту кезінде мониторингі мен сертификаттауы бар PISA, TIMSS, PIRLS, МОДО халықаралық зерттеулеріне дайындық кезінде функционалдық сауатты қалыптастыруға және бағалауға арналған.
Сондай-ақ басқарма платформаның жарнамасыз жұмыс істейтінін атап өтті.