Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайға іссапармен келген алматылық азамат гараж шұңқырына түсіп кетіп үсіп қалған

Қостанай облысы ТЖД қызметкерлері тоқтаусыз іздеулерден соң бұрынғы көлікжайдың орнындағы бақылау шұңқырынан ер адамды тауып шығарды.

 fotoanons12534be42bf4f60f97aecfba540de1c99acb61862737
Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

Қостанай облысы ТЖД қызметкерлері кезекшілік уақытында шұғыл топ құрамында құтқару операциясын жүргізуге қатысты. Кешкі сағат бесте жеке абоненттен түскен қоңырауға олар Қостанайдың шетіне, КСК ауданына жол жүрді.

Жылыту комбинатынан жүз метр жердегі алқапта қар басқан қараусыз қалған көлікжайлар орналасқан.

Тоқтаусыз (бірнеше сағаттық) іздеулерден соң олар бұрынғы көлікжайдың орнындағы бақылау шұңқырынан ер адамды тауып шығарды. Ол 1956 жылы туған азамат Алматы қаласының тұрғыны екені анықталды. Ол Қостанайға бірінше рет іс-сапармен келген және жаңылысып қаланың басқа ауданына өтіп кеткен екен.

Жылыту комбинаты жағына жүріп, қараусыз қалған көлікжайлардың арасында адасып қалған. Құрамы екі адамнан тұратын Департаменттің шұғыл тобы омбы қардан өтіп зардап шеккенді автобус аялдамасының маңында тұрған жедел жәрдем көлігіне жеткізді. Ер адам қалалық ауруханаға қол буындарының және аяқ табандарының 1,2 дәрежелі үсік шалуымен түсті. Қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Талқылау