Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайдан ұшқан жолаушылар баратын жеріне қонбағанына қуанды (видео)

Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде Қостанайдан ұшып шыққан ұшақтағы жолаушылардың қуанышты сәті түсірілген видео тарады. Ұшақ Түркістанға емес, Шымкентке қонған, ал жолаушылар бұл жаңалықты қуана-қуана қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бортсерік желідегі парақшасында жарияланған видеода ұшақтың ауа райына байланысты Түркістанға емес, Шымкентке қонатынын хабарлайды. Бұл хабарды жолаушылар қуанышпен, ду қол шапалақпен қабылдаған.

"Шымкентте қалғысы келетіндер саны нақты қанша екенін білуіміз керек. Қол көтеріңіздер. Бәрі дерлік пе? Онда сіздерден тура жеткізіп тастағанымыз үшін қосымша ақы аламыз. Қазір командирдің нөмірін айтып беремін, сол жерге ақша аударыңыздар", – деп әзілдеді бортсерік.

Видеоның астындағы пікірде "Қостанай мен Шымкент арасында тікелей әуе рейсі болмағандықтан, көбі Түркістанға дейін ұшып, әрі қарай таксимен жетеді екен. Ал кеше оларды Шымкентке қалдырған, бұл жаңалыққа жолаушылар қатты қуанды" деп жазған.

Qazaq Air әуе компаниясы бұл жағдайға қатысты пікір білдірді. Компанияның баспасөз қызметі 17 мамыр күні Қостанай – Түркістан бағытындағы IQ361 рейсі Түркістан әуежайындағы қолайсыз ауа райына байланысты Шымкентке қонғанын растады.

"Шымкентке қону ұшу қауіпсіздігі стандарттарына сәйкес орындалды. Жолаушылардың көбі сапарларын осы қалада аяқтауды жөн санады", – делінген ресми мәлімдемеде.


Ұшқыш әуеде есінен танып, ұшақ 10 минут басқарусыз қалған


Донбаста құлаған малайзиялық Boeing ұшағының апатына кім кінәлі – ICAO ресми шешімін жариялады


Еске салайық, бұған дейін Түркияда енді ұшақ қонғаннан кейін түсу үшін асығыстық танытқан жолаушыларға айыппұл салынатынын жаздық. Жаңа ережеге сәйкес, әуе кемесі толық тоқтап, қауіпсіздік белдігін тағуға арналған белгі сөнбей тұрып орнынан тұрған, жүк сөрелерін ашқан немесе ұшақ ішінде қозғалған жолаушыларға айыппұл салынады. Turkish Airlines әуе компаниясы жаңа ережелер туралы экипаж мүшелеріне ескерту жасады. 

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 19 Мамыр, 2025 15:22
Талқылау