Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда жасөспірімдер сауда орталығына жарылғыш құрылғының макетін әкелген

Қостанайдағы сауда орталығының біріне жасөспірімдер жарылғыш құрылғының макетін апарған. Олар достарын қолдан жасалған «жарылғышпен» қорқытқысы келген. Достарының біреуі бұл әзілді бағаламай, ЦУМ сауда орталығының күзет бөліміне қауіп-қатер туралы хабарлаған.

Қостанайда жасөспірімдер сауда орталығына жарылғыш құрылғының макетін әкелген

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

«Күзетші полицияға жасөспірімдердің бірі келіп, оған екі баланың сөмкесінде қолдан жасалған жарылғыш құрылғының бар екенін ескертті деп хабарлады. Аталмыш құрылғы шамдардан, сымдардан жинақталып жасалған. Олар осы әдіспен достарын қорқытқысы келуі мүмкін»,-дейді Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі Ирина Беженарь.

Мұндай макетті нақты жарылғыш деп ойлап қалуға болады. Бір  қарағанда бұл өте шынайы көрінеді.

Ақпараты алдымен жедел қызметкерлер тексеріп, төтенше жағдайлар қызметін шақырмағандықтан әзілдегісі келген жасөспірімдердің жолы болды. Әйтпесе, олардың ата-аналары миллиондаған айыппұл төлеп, жасөспірімдер тіпті жалған терроризм үшін жазалануы мүмкін еді.

Енді бұл жасөспірімдер кәмелетке толмағандармен айналысатын инспектордың бақылауында. Соңғы үш жылда Қостанай облысында кәмелетке толмағандар жасаған террорлық әрекеттер туралы  жалған мәлімдемелердің бес фактісі тіркелген.

Оқи отырыңыз:

Павлодарда баспанасы жоқ ана екі баласынан бас тартты

Қарағандыда қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп келген қылмыстық топ ұсталды

«Шымкенттік мажордың» әкесіне қатысты сот отырысы басталды

Алматы әкімі зейнеткерлерге ақша табудың қызық жолын ұсынды

Талқылау