Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Шымкенттік мажордың» әкесіне қатысты сот отырысы басталды

Шымкентте Түркістан қаласының 49 жастағы тұрғыны Ерехан Сүлейменовке қатысты сот отырысы басталды. Ол біреуді қорқытып ақша алғаны, сондай-ақ алаяқтық пен парақорлық әрекеті үшін айыпталуда.

«Шымкенттік мажордың» әкесіне қатысты сот отырысы басталды

Бұл туралы otyrar.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Бірінші сот отырысында Ерехан Сүлейменовтың қорғаушысы журналистерге қарсы сөз сөйлеп, сот төрағасы Сәмидин Темірәлиевті орнынан алып тастау туралы хабарлама жасады.

Төрағалық етушінің дауына қатысты дәлелдерді сот төрағасы Дәурен Мадияев қарады. Сот барлық тараптарды тыңдап, қорғаушының судьяға наразылық білдіру туралы өтінішін қабылдамады. Іс бойынша төраға болып Сәмидин Темірәлиев тағайындалды.

Тергеу деректері бойынша, Түркістан базарларының бірінде ресми түрде прораб ретінде қызмет атқарған Сүлейменов түркістандық кәсіпкерлерден бірнеше жыл бойы қорқыту арқылы ақша жинап келген.

Сондай-ақ, қылмыстық топтарда Ероха есімімен белгілі болған алаяқ салық қызметімен қиындықтары болған кәсіпкерлердің мәселесін шешіп беремін деп пара алғаны үшін айыпталды.

Алайда, Сүлейменовтың ұлы Исмаил танымалдылық жағынан әкесін басып озды. Ол 2016 жылдың тамыз айында BMW автокөлігімен Қонаев даңғылы бойындағы жол учаскесін жөндеп жатқан төрт қызметкерді қағып кеткен болатын.

Оқи отырыңыз:

Алматы әкімі зейнеткерлерге ақша табудың қызық жолын ұсынды

Павлодарда Германия азаматын пышақтап өлтірген екі бойжеткенге үкім шықты

Ауа-райы болжамы: Алдағы күндері кей жерлерде 30 градусқа дейін күн жылынады

Алматыда жоғалып кеткен оқушы қыз табылды

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр