Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі зейнеткерлерге ақша табудың қызық жолын ұсынды

Қарттар бала қарасын. Алматы әкімі зейнеткерлерге үйлерінде бүлдіршіндерді бағып, ақша табуды ұсынды. Осылайша, ата-аналар алысқа бармай-ақ балаларын егде кісілерге берсе уақыт та, ақша да үнем болады дейді Бауыржан Байбек. Әкімдік тіпті ұзақ өмір картасын дайындаған. Ол бойынша зейнет жасындағы адамдарды жай отырғызбай, қоғам өміріне араластыруды көздеп отыр. Бұл туралы КТК хабарлады.

Бауыржан Байбек

Байбектің зейнеткер қарттар қосымша ақша алсын деген бұл жолғы бастамасын тұрғындар қалай қабылдауы мүмкін?! Әкімнің өзі сенімді. Күн ұзақ үйде теледидарға телмірмей, біреудің баласын ақшаға қараса өзіне де, өзгеге де тиімді дейді ол.

«Жұмыс орны болады. Зейнеткерлер қосымша айлық алады. Ата-аналарға да жақсы ғой, көрші үйге апара салады. Біз осы жұмысты реттеп, арнайы сертификаттар береміз. Сосын қай үйлерде қарттар қарайтыны туралы арнайы тізімді жариялаймыз. Қазір жалғыз тұратын зейнеткерлер өте көп»,-дейді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек.

Дегенмен, бастаманы бәрі қолдай қоюы екіталай. Өйткені, Алматыда 222 мыңға жуық егде кісінің тек 6 пайызы ғана белсенді топқа жатады. Қалғандары қарттық ғұмырға мойынсұнған, немересін бағып немесе ауру-сырқаумен алысып жүргендердің қатарында. Әйтсе де Бауыржан Байбек бір оқпен екі қоянды атуды көздегендей. Біріншіден, балабақшадағы орын тапшылығы азайса, екіншіден оның құрылысына бөлінетін ақшаны үнемдемек.

Бұл- белсенді ұзақ өмір картасы аясындағы бастаманың тек біреуі ғана.

Әкімдік Алматыда бастапқыда қырық шақты әлеуметтік клуб ашпақ. Онда зейнеткерлер түрлі ойындармен уақыт өткізіп, тіптен, йога, аэробикамен айналыса алады. Қоғамдық кеңеске жиналғандардың бәрі бұл ұсынысты бір ауыздан қолдап шыға келді.

Зейнеткердің өзі заманға сай болуы тиіс. Қала әкімі Бауыржан Байбек қарттарға ағылшын тілін үйретіп, компьютерді қолданудағы сауаттылығын да арттырмақ. Сонымен қатар, бүгінгі жиында ata-apa.kz  интернет-порталын ашу туралы ұсыныс түсті. Айналып келгенде бұл шаралардың бағдарламаның о баста көздеген өмірді ұзату миссиясына қаншалықты септігі тиетінін кесіп айту қиын. Қит етсе батыстың бастамасын алға тартатын атқамінерлер, осы орайда біздің зейнеткерлердегі ұлттық менталитетті есепке алмағандай.

Оқи отырыңыз:

Павлодарда Германия азаматын пышақтап өлтірген екі бойжеткенге үкім шықты

Ауа-райы болжамы: Алдағы күндері кей жерлерде 30 градусқа дейін күн жылынады

Алматыда жоғалып кеткен оқушы қыз табылды

“7-20-25” ипотекалық бағдарламасы мамыр айында қабылданады

Талқылау