Қостанайда жалақыларын талап етіп, тоғызыншы қабатқа көтерілген жұмысшылар қамауға алынды
Видеодан скриншот
Қостанайда құрылыс орнына көтеріліп, жалақыларын талап еткен үш құрылысшы қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Рұқсат етілмеген наразылық акциясына қатысқан үш жұмысшы сот шешімімен қамауға алынды.
Қостанайдағы құрылыс нысандарының бірінде жалақының кешігуіне байланысты жұмысшылар мен мердігер компания арасында еңбек дауы шықты. Бір топ қызметкері уәкілетті органдарға жүгінудің орнына акция ұйымдастырған.
Алматыда әділдік іздеген экс-полицей мұнараға шығып, наразылық білдірді
Бір күн бұрын үш ер адам салынып жатқан үйдің құрылыс алаңына шығып кеткен. Одан кейін оқиға орнына полицейлер мен ер адамдар жұмыс істейтін компания басшылығы келді.
"Тараптар арасындағы келіссөздер барысында еңбек дауы реттеліп, қызметкерлердің жалақысы жартылай төленді. Сонымен бірге келісімге келгеніне қарамастан, бұқаралық іс-шараларды өткізу бойынша заңбұзушылық тіркелді. Сот шешімімен рұқсат етілмеген акцияны ұйымдастырушы мен қатысушылар кінәлі деп танылып, бір тәулікке әкімшілік қамауға алынды", – деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Қостанайда жұмысшылар тоғызыншы қабатқа көтеріліп наразылық білдіргені айтылды.

"Пәтерімді сатып, шетелге оқуға түстім": Қазақстандық қыз "Реал Мадрид" футбол клубына жұмысқа орналасты
