Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда тұрғын ресейлік азаматқа 450 мың теңгеге жоқ пәтерді жалға беріп, алдаған

Қостанайда тұрғын пәтер жалдау бағасының қымбаттауын пайдаланып, шұғыл баспана іздеп жүрген азаматтың есебінен пайда табуға әрекеттенген. Ол ресейлік азаматқа жалған пәтерді жарнамалап, жалға беріп, ақшасын алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қыркүйектің 27-сі күні полицияға Қостанайға Ресейден келген жас жігіттен қоңырау түскен. Ол үй жалдауға әрекеттеніп жатқанда қаскөйлерге тап болып, алданып қалған. Пәтер иесінің кейіпін киген тұрғын жоқ баспананы жалға беремін деп алдап, ақша алған. Жәбірленуші сол кезде өзін алдаған азаматтың көлігінің маркасын жаттап алған.

Жас жігіт полицияға жүгініп, алаяқтың түр сипатын, киім киісін айтып берген. Кейін патрульдер ол көлікті тоқтатқан. Белгілі болғандай жүргізуші жалған нөмірмен көлік жүргізген болып шықты. Бұл құқық бұзушылық үшін қазір 5 тәулікке дейін қамауға алу және бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жауапкершілік күшейтілген болатын.



Одан әрі іс жүргізу барысында шетелдік азаматпен болған оқиғаға жүргізуші мен оның көлік ішіндегі жолаушыларының қатысы бар екені анықталған.

“Мен Ресейден Қостанайға келдім. Тұрғылықты пәтер іздеуде қиналған мен алаяқтардың құрығына ілініп, 450 мың теңгеге алдандым. Алайда полицейлердің көмегімен бәрі өз орнына келді. Алғысымды айтамын”,- деді Владимир.

Ақша жәбірленушіге қайтарылды. 

Талқылау