Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай орталығында жасөспірімдердің аяусыз төбелесін әйел тоқтатты: Күдіктілер ұсталды

Қостанай орталығындағы төрт адамның екі жеткіншекке шабуыл жасағанын бейнебақылау камералары арқылы түсіріп алған. Бұл туралы Қостанай облысының полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

15 жастағы жасөспірімнің миы шайқалып ауруханаға түскен. Аяусыз төбелеске полиция бөлімшесінің басшысы пікір білдірді. Ерлан Омарбеков төрт кәмелетке толмаған күдіктінің анықталғанын айтты.

Зардап шеккен балалардың анасы Татьяна Шелудякова оқиға жайлы Tengrinews.kz порталына пікір білдірді.

"Біреуі иығымен әдейі итергендей болды, содан жанжал шықты. Олар аллеяның артына апарды, сол жерде төбелес басталды. Жандарынан өтіп бара жатқан әйел ажыратып алды. Үлкені қансырап тұрды, оны екі адам ұрды, ол не істей алар еді, жастары 18-19-да, кішкентай емес. Ал інісі шошып, көмекке шақырып жатты. Шабуылдаушылар қашып кетті, ол жәбірленушілер полиция отырған жерге барған, бірақ ол жабық болды", - дейді зардап шеккен балалардың анасы.

Жасөспірімдердің анасы оқиғаны көріп, бейжай өтіп кетпеген қамқор әйелге алғыс айтады, өйткені ол болмағанда төбелес қалай аяқталатыны белгісіз дейді.

"Қазіргі уақытта олардың заңды өкілдерімен жұмыс жүргізілуде. Болып жатқан жайтқа бей-жай қарамаған  әйел оларды ажыратуға тырысты. Ол да болған оқиғаны егжей-тегжейлі қалпына келтіруге көмектесті. Жігіттер ауқатты отбасыдан шыққан, спортпен айналысады. Қалған деректерді тергеу анықтайтын болады",  – деді Омарбеков.
 



Сондай-ақ полиция бөлімшесінің басшысы ата-аналардан мереке күндері, әсіресе, кешкі уақытта балаларына бақылауды күшейтуді сұрады.

Еске салайық, бұған дейін Қостанай орталығында ағайынды екі жігіттің қатты соққыға жығылғаны хабарланған болатын. Оқиға орталық алаңда, ойын-сауық саябағына жақын жерде болған. Онда 13 және 15 жастағы екі ағайынды достарымен кездесуі керек болған.

Зардап шеккендердің анасының айтуынша, жастары өздерінен үлкендеу төрт жас жігітке тап болған. Миы шайқалған 15 жастағы жасөспірім ауруханаға түсті, ал оның 13 жастағы інісінің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды.

Талқылау