Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында бір азаматтың өлімі жұмбақ күйінде қалды

Қостанай облысы Арқалық қаласында бір азаматтың өліміне қатысты дау туындап отыр. Полицейлер ер адам өз-өзіне қол салған дейді. Марқұмның туыстары керісінше,  біреудің қолынан қаза тапқанына сенімді.

Туыстарының айтуынша,  қайтыс болған ағаларының денесінде бірнеше рет үшкір затпен жарақат салыныпты. Әділдік іздеген бауыры тіпті жерленген мәйітті қайта қаздырып, қосымша сараптама жасатуға дейін барған, деп хабарлады 31 арна.

«Ағаңыз асылып қалды» деген суық хабар Қайыржанды есеңгіретіп тастаған. Арқалыққа, бауыры қайтыс болған үйге жеткенше неліктен мұндай қадамға барғанын түсіне алмапты. Көңілін күпті еткен күдігін ағасының көршісі үдете түскен.

“Үлкен кісі екен бұрын органда істеген. Ол кісі айтты: «Клянусь богом, я ремень или веревку не видел» деді орысша. Осылай айтты көрген жоқпын деп. Сосын күмәнданып кеттім”, – дейді марқұм Б.Төлегеновтің інісі Қайыржан Төлегенов.

Қайыржан туған жеріне апарып, жаназа алдында жуындырған кезде ағасының денесіндегі жарақаттарды көріп те шошып кеткен. Бірден жергілікті полицияның жедел тобын шақыртып, жарақат орындарын қайта тексертіпті.

“Мойын жарақатын 0,3 мм деген. Ол деген жай сақал қырып жатқанда сызып кететін сызатты айтады. Ағамды кейін 40 күн өткеннен кейін эксгумацияға қатысып, мәйітханада сойған кезде өзім қатыстым. Мынау – 1 жарым сантиметрлік тереңдік болды. Ол деген адам өміріне қауіпті. 1 жарым сантиметр тереңдік деген масқара ғой”, – дейді Қайыржан Төлегенов.

Облыстық ІІД-нің өкілдері болса, бұл іс бойынша қылмыстық құрам болмағандықтан қылмыстық іс қысқартылды деп отыр. Өйткені, эксгумациядан кейінгі сот сараптамасы да «суицид» деген болжамды растаған.

“Өз-өзіне қол жұмсау болып табылды. Себебі, зорлап өлтіру немесе өзін-өзі өлтіруге мәжбүрлеу белгілерінің дәлелі табылмады. Төлегеновтың дене жарақаттары өз қолымен жасауына толық мүмкіндігі бар”, – дейді Қостанай облыстық ІІД Тергеу басқармасы басшысының орынбасары Қанағат Шәуенов.

Алайда, Қайыржан Төлегенов бұл қорытындыға сенбейді. Ағасының жоғын жоқтаған Қайыржан қалай болса да соңына дейін ізденемін деп отыр.

Тағы оқыңыз:

Халықаралық сұлулық байқауынан семейлік 4 қыз жүлдемен оралды

Астанадағы асханасынан тамақ ішілмейтін мектепті білім басқармасы тексеретін болды

Ақтөбеде 2 миллиард теңгеге жөнделген асфальт қармен бірге еріп кетті

Базардың орнына саябақ салғысы келген билік саудагерлерді қуып жатыр

Қарағанды облысында топан судың ортасында қалған тұрғындар ауылдан шыға алмай отыр

Талқылау