Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Халықаралық сұлулық байқауынан семейлік 4 қыз жүлдемен оралды

Вьетнамда өткен «Universe Beauty» халықаралық сұлулық байқауынан семейлік 4 қыз-келіншек жеңіспен оралды. Сайысқа қатысқандардың ең кішкентайы 4 жаста болса, үлкені 50-ге аяқ басқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлемнің 20 елінен жиналған 40 қыз-келіншек 2017 жылы Ресей, Түркия, Франция елдерінде өткен іріктеу кезеңдерінен үздік шыққандар. Ақтық кезеңге жолдама алғандар екі күн бойы түрлі аталымдар бойынша өнер көрсетті.  Яғни, өзін таныстыру, шығармашылық және спорттық сайыс, кешкі және ұлттық киім үлгісін көрсету.

Семей қаласы атынан барған Айна Тогусованың модельдік агенттігінің 4 аруы қатарынан жеңімпаз болды.

17 жасар Данара Бекмұрзаева  «Yong Miss Beauty»,  9 жастағы  Балжан Бейбітқызы «Mini Miss World Beauty»,  14 жастағы Нұрдана Тоқанова «Yong Miss World Beauty» аталымы бойынша жүлде алды. Ал  «Grand Prix Missis Universe Beauty» титулы 48 жастағы Дана Мұхамеджановаға бұйырды. Мамандығы бойынша заңгер, бірақ сұлулыққа жаны құмар Дана бұған дейін  “Миссис Семей – 2016”,  “I вице-миссис Азия”, “Миссис Евразия-2017” атағына ие болған.

«Біз байқауға қатысқанымызға өте қуаныштымыз. Дайындығымыз еш кетпеді. Және біз үшін бұл жаңа тәжірибе, жаңа достар. Байқаудан кейін біздің сұлуларға түрлі ұсыныстар түсіп жатыр. Солардың бірі Македонияға шақырту. Осы жылдың тамыз айында онда сұлулық фестивалі өтеді. Ал тағы 2 қыз  Хошиминге кетеді. Олар әлемге әйгілі дизайнер Викт Чанг Ваугтың топтамасын ұсынады»,-деді модель мектебінің директоры Айна Тогусова.

Тағы оқыңыз:

Астанадағы асханасынан тамақ ішілмейтін мектепті білім басқармасы тексеретін болды

Ақтөбеде 2 миллиард теңгеге жөнделген асфальт қармен бірге еріп кетті

Базардың орнына саябақ салғысы келген билік саудагерлерді қуып жатыр

Қарағанды облысында топан судың ортасында қалған тұрғындар ауылдан шыға алмай отыр

Жезөкшелерді қамшымен сабаған Жан Ахмадиев: Депутат болсам, біраз нәрсені өзгертер едім

Шымкентте әкесі мен қы

 

Талқылау