Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда науқастың шабуылынан кейін дәрігер комаға түсті

Фото: Freepik.com

Қостанай облыстық ауруханасында науқас дәрігерге шабуыл жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Науқастың шабуылынан дәрігер есінен танып қалды. 

"Күрделі отадан кейін хирург кезек бойынша науқастарды қабылдау үшін қабылдау бөлмесіне түсті. Кезекте үшінші тұрған науқастардың бірі өзін агрессивті ұстады. Ол дәрігерді ұрды, соның салдарынан дәрігер есін жоғалтты", – деп хабарлады ауруханадағылар.


Бір-бірін жақтырмаған: Теміртауда фельдшер қызды жұмыс орнында әріптесі ұрып тастады


Жетісу облысында фельдшер науқасқа атпен барған (видео)


Дәрігер жансақтау бөліміне жатқызылды, жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Оқиға орнына жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін полиция қызметкерлері келді.

"Бұл – күн сайын адам өмірін сақтап қалғандарға қарсы жасалған қылмыс. Біз әділ тергеуді талап етеміз және медицина қызметкерлерін құрметтеуге шақырамыз!" – деді аурухана әкімшілігі.

Еске салсақ, Жамбыл облысында өзара бәстескен ер адамдар фельдшермен жанжалдасып оны атып кеткен еді.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 17 Шілде, 2025 15:54
Талқылау