Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда құрылыс алаңында кран құлап, бір адам қаза тапты

Қостанайда құрылыс алаңында кран құлап,бір адам мерт болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілетеме жасап хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Салдарынан, екі көлікке зақым келді.

Тұрғындардың айтуынша, көпқабатты үй құрылысы мамыр айында басталған. Ал кранды үш апта бұрын құрған көрінеді. Оқиға орнында тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полиция 49 жастағы кран жүргізушісінің мерт болғанын растады.

“Осы дерек бойынша ҚР ҚК 277-бабының 2-бөлігіне сәйкес "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша адам өліміне әкеп соққан сотқа дейінгі тергеу басталды.Кранның құлау себебі анықталып жатыр”, – деді қалалық полиция басқармасының “Солтүстік” бөлім басшысының орынбасары Дәурен Есқатов. 

Мадина Жаппасованың көлігі құлаған кранның астында қалған. Енді ол құрылыс компаниясынан көлік құнын өндіріп алмақ. Онан бөлек тағы бір тұрғынның темір тұлпарына зақым келген.

“Кешегі жаңбырдан кейін, көлігімнің есігі ашылмай қойды.Құдай сақтаған шығар шығар. Багажниктен заттарымды алып, кете берген кезде кран құлады.Көз алдымда көлігім жапырылып қалды”, – дейді қала тұрғыны Мадина Жаппасова.

Талқылау