Қостанайда қоқыс жәшігінен табылған нәресте ауруханада көз жұмды
Қостанайда қоқыс арасынан табылған сәби ауруханада шетінеп кетті.
Қостанай облыстық емханасының бас дәрігері Игорь Белобржицкий нәрестенің бүгін жансақтау бөлімінде шетінеп кеткенін айтты, деп хабарлайды alau.kz.
Дәрігердің айтуынша, сәби қатты суықтап қалған.
“Сәби ауруханаға түскенде жүрегі тоқтап қала берді. Дәрігерлер түні бойы оның өмірі үшін күресті. Сәби таңертең көз жұмды. Нәресте 3-5 келі салмақпен туған. Мұндай жағдай болғанына өзіміз де таңғалып қалдық”, – дейді бас дәрігер.
Айта кетейік, Қостанайда туберкулез диспансерінің ауданындағы қоқыс жәшігінен жаңа туған ұл бала табылған еді. Жедел жәрдем сәбиді облыстық ауруханаға жеткізген болатын.
Тағы да оқыңыз:
Қарағандыда 1 жасар сәбиін ауруханада тастап кеткен анасы оны балалар үйіне өткізді
Талқылау