Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда ер адам сатушыға пышақ кезеп, ақша бопсалаған

Қостанайда сатушыға пышақ кезеп, ақша бопсалаған ер адам ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Оқиға қала орталығындағы дүкендердің бірінде болған.

33 жастағы күдікті дүкенге баса-көктеп кіріп, сатушыны пышақпен қорқытқан. Осылайша, 20 мың теңгеге жуық ақшаны алып кеткен.


"Бір топ адам жабылып, пышақтап кеткен": Алматыда болған жаппай төбелестің видеосы тарады


Полиция күдікті 33 жастағы жергілікті тұрғынның ізін суытпай ұстады. Ол қылмыс орнынан қашып кетіп, жақын маңдағы пәтерлердің біріне тығылған. Полиция күдіктіні ұстау сәті түсірілген видео жариялады. 

Күдікті бұл әрекеті үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада мас жігіт жедел жәрдем қызметкеріне пышақпен шабуылдағаны туралы жазған едік. 

Талқылау