Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда 42 тұрғын үй, мектеп пен әуежай жылусыз қалды

Қостанайда Аэропорт шағын ауданындағы Герасимова көшесіндегі №4 тұрғын үйдің жанында жылу құбырлары жарылды. Салдарынан бірқатар нысандар мен тұрғын үйлер жылусыз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Наша газета” порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сурет НГ порталынан

"КТЭК" МКҚК-ның хабарлауынша, апатты жою жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан мекеме аудандағы жылуды өшіруге мәжбүр.

"Жөндеу жұмыстары 20 желтоқсанда өтеді. 42 көпқабатты тұрғын үйде, №29 орта мектепте және халықаралық әуежай ғимараттарында жылу сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін сөндіріледі", - делінген хабарламада.

Былтыр да бұл ауданда 2022 жылдың желтоқсанында магистральдық жылу желісі жарылған болатын.

Талқылау