Қостанайда 38 жастағы ер адам кәмелетке толмаған қызды бірнеше рет зорлаған
Қостанайда полицияға шағым жасаған әйел өзінің 2005 жылы туған қызын 38 жастағы ер адамның зорлағанын айтыпты.
Бұл туралы alau.kz хабарлайды.
Әйелдің сөзінше, ер адам зорлық әрекетін бірнеше рет жасаған. Айыпталушы – жұмыссыз, үйленген, бұрын кішкентай қыздарға азғындық әрекет жасағаны үшін сотталған ер адам екен. Сонымен қатар, тексеру кезінде оның 2008 жылы 10 жасар өгей қызына да сексуалды зорлық жасағаны анықталды.
“Сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының нәтижесінде күдіктіге “кішкентай қыздың шарасыз кезін пайдаланып сексуалдық мәндегі зорлық көрсету”, “Шарасыз кезін пайдаланып кәмелетке толмаған қызды бірнеше рет зорлау”, “зорлық әрекетін пайдаланбай кәмелетке толмаған қызға сексуалды азғындық әрекет жасау” баптары бойынша айып тағылды. Бастапқыда қылмыстық іс бойынша облыстық прокуратура қызметкерлерінің ішінен әйел жынысты процессуалды прокурор анықталды”, – деп хабарлады облыстық прокуратура басқармасының басшысы Қайрат Жүсіпов.
Оқи отырыңыз:
ШҚО-да шопан тасып жатқан өзенде жанталасып жатып мерт болды
Алматы облысында мас жүргізуші жаяу жүргіншіні басып кетті
Метро есігіне басы қысылып қалған әйелге ешкім көмектеспей қойды (видео)
4 күн бойы із-түссіз жоғалып табылған бүлдіршін мән-жайды өзі айтып берді (видео)

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
