Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай тұрғынының қармағына “тұмсықты” балық түсті

Балық аулауға барған қостанайлықтың қармағына тұмсығы бар торғайға ұқсайтын балық түскен.

птпт

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

“Мұндайды көргендегі менің таңданысымды айтсаңызшы! Мен бұл балықты 29 маусымда Цыганское көлінен ұстадым, ол Зуевка ауылынан (Алтынсарин ауданы) шамамен 10 шақырым жерде орналасқан. Достарымызбен бірге барғанбыз. Бала күнімнен балық аулауды жаным сүйеді. Алпыс жылдық тәжірибемде мұндай ғажайыпты бірінші рет көруім”, – дейді тұрғын.

Балықшының айтуынша бұл балық бұған дейін де біреудің қармағына түскен. Тек үзіліп кетіп, ауыз тұсы жыртылыпты. Уақыт өте келе ол бітіп, салдарынан ерні бұртиып тұмсыққа ұқсап қалған.

“Бұрындары алып балықтарды ұстап мақтанатынбыз. Биылғы ай “торғай-балықпен” есте қалатын болды”, – дейді Александр Шибанов.

Талқылау