Қостанай тұрғыны жолдасын өлтірдім деп ойлап тірідей көміп тастаған
Қостанай облысында 28 жастағы тұрғынға қатысты іс сотта қаралып жатыр.
Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Рудный қаласының екі тұрғыны ішімдік ішіп, соңында жанжалдасып қалады. Бірі екіншісін ұрып-соғып, темірмен 4 рет соққы жасаған.
Ол жолдасын өлтірдім деп ойлап денесін көлігінің жүксалғышына салып, ауыл шетіне тірідей көміп тастаған.
Сараптама нәтижесінде жәбірленушінің соққыдан емес, үсіп көз жұмғаны белгілі болды.
Күдікті «адам өлтіру» бабы бойынша айыпталып жатыр.
Тағы да оқыңыз:
Шымкентте 16 жастағы жасөспірім өзіне көмектескен намазхан баланы зорлап тастаған
Талқылау