Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында қойдың басын үйітпек болған жасөспірім өртеніп кете жаздады

Қостанай облысында қойдың басын үйітпек болған 15 жастағы жасөспірімді аса ауыр күйде күйік шалған.

1e5eac2b-1115-4666-a27d-d721f18fe822

Бұл туралы kstnews.kz хабарлайды.

Жасөспірімнің денесінің 50 пайызы күйіп қалған. Оқиға Қостөбе ауылында болыпты.

Жасөспірімнің туысы Дина Байтастың айтуынша, ер адамдар қойды сойғаннан кейін оның басын дәнекерлеуші шаммен үйіту керек болған. Сол күні өте қатты ыстық болыпты.

“Ұланға сарайға кіріп, сол жақта үйіту керектігін айттық. Ол кіріп, от тұтандыра бастады. Бір кезде шамды өзіне қарай бұрып қалып, одан газ лап ете қалған. Қас-қағым сәттің ішінде баланың жейдесі мен шортысы өртеніп кеткен”, – дейді әйел.

Баланы облыстық балалар ауруханасына жеткізу үшін, санавиация көмегіне жүгінген. Жасөспірімнің сол кездегі жағдайы тым ауыр болған. Оған қазірге дейін алты операция жасалды. Дәрігерлер баланың қазіргі жағдайы ауыр тұрақты деп отыр.

“Бала есін жинаған кезде барып, ата-анасымен сөйлеседі. От бетін шарпымағанымен, аяқтан бастап ішіне дейінгі денесін күйдіріп тастаған”, – дейді облыстық балалар ауруханасы травматология бөлімінің меңгерушісі Дмитрий Герасимов.

Оқи отырыңыз:

БҚО-да өрт кезінде 200 бас мал тірідей жанып кетті (видео)

Шымкентте 16 жастағы жігіт күйеуі ұрған әйелге араша түсемін деп ажал құша жаздады

Ақтауда қыз бен жігіт суға батып кетті (видео)

Ақтөбеде балабақшада бір жарым жасар қызды ит талады

Талқылау