Қостанай облысында күйеуінің таяғынан шаршаған әйел оны өлтіруге тапсырыс берген
Қостанай облысында адам өлтіруге тапсырыс берген әйел 11 жылға сотталды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Іс материалы бойынша, әйел ер адаммен 2002 жылдан бері Арқалық қаласында тұрған. 2013 жылы әйел басқа жігітпен танысып, нәтижесінде оның азаматтық күйеуі қызғаныштан әйелі мен оның анасын ұра бастайды. Сонымен қатар, ішімдікке үйіп болып, бар ақшасын құмар ойынға жұмсай бастайды. Бұдан соң тіпті үйді газ баллонымен жарып жіберемін деп қорқытатын болған.
2016 жылдың мамыр айында Арқалық тұрғыны өзінің бір танысына өтініш жасап, өзінің бірге тұратын ер адамын өлтіру туралы тапсырма береді. Алайда ол адам әйел әзілдеп тұр деп ойлаған. Бір отырыста ол өзінің досына осы туралы айтып беріп, әлгі досы әйелдің тапсырысына қызығушылық танытады.
2016 жылдың маусым айында әйел мен әлгі адам кездеседі. Азаматтық күйеуін өлтіруді тапсырған әйел, оған 70 мың теңге ұсынады. Алайда ер адам оның ұсынысынан бас тартады, бірақ әйел өлтіру туралы үздіксіз хабарласа берген. Ақыры ер адам полицияға шағымданады.
Әйел тіпті ер адамнан күйеуінің өлгендігін айғақтайтын дәлел көрсетуді жиі-жиі талап еткен.
Мамандандырылған ауданаралық соттың үкімі бойынша, әйел 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды.
Оқи отырыңыз:
Ғалымдар әйелдердің күйеуінің көзіне неліктен шөп салатынын анықтады
Есіктегі топтық зорлау ісі бойынша айыпталушыларға үкім шығарылды
Кәсіпкер Бауыржан Оспанов Асқар Жұмаділдаевқа көлік мінгізді
35 жастағы азамат екі қасқырды ауласында ит секілді асырап отыр