Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында әйел балағат сөз айтқаны үшін 60 мың теңге айыппұл төлейді

Қостанай облысы Затобол аулының тұрғыны демалыс орнының әкімшісіне ар-намысын төмендететін сөздер айтқаны үшін 25 АЕК (60125 теңге) көлемінде айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Қостанай облысында әйел балағат сөз айтқаны үшін 60 мың теңге айыппұл төлейді

Іс материалдары бойынша, 2018 жылдың 12 мамырында әйел  жергілікті демалыс орнының әкімшісімен сөзге келіп қалып, оған ар-намысын төмендететін сөздер айтып, балағаттаған.

«Сот іс материалдарын қарастырып, сот отырысында ұсынылған дәлелдерді ескеріп, оның қылмыстық теріс әрекет жасағанын дәлелдеді. Айыпталушының кәмелеттік жасқа толмаған баласы болғандықтан, оның жазасын жеңілдетілді», – делінеді хабарламада.

Жәбірленуші өзін балағаттаған әйелден 100 мың теңге көлемінде моральдық өтемақы сұраған екен.

Өз кезегінде сот әкімшіні балағаттаған әйелді кінәлі деп танып, оны 25 АЕК, яғни 60125 теңге айыппұл төлеуге міндеттеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 11 Шілде, 2018 13:11
Талқылау