Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемде пара алу кезінде ұсталды
Қостанай қаласында Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемдегі параны алу кезінде ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде Жоғарғы соттың сайтында жарияланды.
Судьяны 17 тамыз күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Жоғарғы Соттың Ішкі қауіпсіздік бөлімнің өзара іс-қимылы нәтижесінде қолға түсірген.
- Атырауда пара алған cыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкері 7 жылға сотталды
- Темір торда өткен 8 жыл: Қазақстан соты ҰҚК экс-майоры Алпысбаевты ақтады
"Ақша мүдделі тараптың пайдасына соттың оң шешімін алу үшін көзделген. Басқа ақпарат тергеудің мүддесі үшін жарияланбайды", - делінген ақпаратта.
ҰҚК-нің Тергеу департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”