Қостанай облысының әкімі коронавирус жұқтырды
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирус жұқтырды. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әкім қанша жерден сақтық шаралары сақталса да, инфекцияны жұқтырып алғанын жеткізген.
"Барлық сақтық шараларына қарамастан, менің COVID-19 тестім оң нәтиже көрсетті. Осыған байланысты мен өзім оқшауланудамын және қашықтан жұмысымды жалғастырамын", - деп жазды ол.
Ол облыс тұрғындарынан қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды. Жағдайды дұрыс түсініңіздер, сақ болыңыздар деді ол.
"Мен тағы да жерлестерімді аймақта енгізілген шектеу шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Баршаңызға мықты денсаулық және өркендеу тілеймін! Өзіңе қамқор бол!" - деп жазды Архимед Мұхамбетов.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”