Қостанай облысының әкімі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына дайындық бойынша кеңес өткізді
Қостанай облысының әкімі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына дайындық бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Кеңес барысында облыстық басқармалардың басшылары, Жангелдин ауданының әкімі, мердігер ұйымдардың өкілдері жоспарланған іс-шаралардың дайындық барысы туралы тыңдалды.
Сондай-ақ, Алматы қаласы мен Торғай ауылындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы музейлердің директорлары сөз сөйледі.
Бүгінгі таңда Ақкөл ауылында медициналық пункт пен Ахмет Байтұрсынұлы ауылына дейінгі жолдың құрылысы жүріп жатыр. А.Байтұрсынұлының туыстарын жерлеу орнын қоршау жұмыстары аяқталуда, сондай-ақ табиғи демалыс аймақтарын абаттандыру жұмыстары басталды.
Кеңес қорытындысы бойынша әкім облыстық басқармалардың басшыларына, Жангелдин ауданының әкіміне барлық жоспарланған жобалар мен іс-шараларды сапалы және уақтылы орындау жөнінде тапсырма берді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”