Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысындағы жеті адам қаза болған апаттың себебі анықталды

Қостанай облысының полицейлері жеті адам қаза тапқан жол апатының себебін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қостанай облысындағы тас жолда жол апаты жүргізушілердің бірінің қарсы жолаққа шығу себебінен болды. Соқтығысу салдарынан оқиға орнында жолаушылардың бәрі қаза болды.

"Түркістан облысының 36 жастағы тұрғыны Lexus маркалы автокөлікті жүргізіп келе жатып, алда келе жатқан көлік құралын басып озған кезде қарсы қозғалыс жолағына шығып, Нұр-Сұлтан қаласының 63 жастағы тұрғыны тізгіндеген Mitsubishi Pajero маркалы автокөлігімен соқтығысқан", - деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаменті.

Апат салдарынан оқиға орнында жеті адам көз жұмды: үшеуі Lexus көлігінде және төрт адам Mitsubishi Pajero-да болған. Lexus жол талғамайтын көлігі Қостанайдан Нұр-Сұлтанға бара жатқан, Mitsubishi Pajero Қостанайға қарай бағыт алған. ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Еске сала кетейік, Әулиекөл-Сұрған тас жолында жантүршігерлік апат орын алды. Жеті адам қаза болды.

Талқылау