Қостанай облысындағы шахтада жарылыс болып, жұмысшы зардап шекті

Фото: freepik.com
Қостанай облысында Eurasian Resources Group компаниясына тиесілі "Соколовская" шахтасында жарылыс болды. Салдарынан жұмысшы зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Компанияның хабарлауынша, шахтадағы скреперлі лебедка машинисі бақылаусыз жарылыс салдарынан жарақат алған. Қазір зардап шеккен жұмысшыға қалалық ауруханада медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Оқиға бойынша тергеу басталды. Полиция мәліметінше, "Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"