Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысындағы өрт: диверсия әрекеттері анықталмады

Қостанайдың жергілікті прокуратурасы орман өрті диверсия әрекеттерінен туындады деген нұсқаны жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.

орт

Сурет: “Хабар 24” түсірілімінен скриншот

Қазіргі таңда ормандағы өрттің өршу себебін анықтау жұмысы жүріп жатыр. Прокуратураның мәлімдеуінше, отты абайсыз жандыру нұсқасы көбірек келетінін айтады. Бірақ әдейі өрт жандыру сынды нұсқалардың болу ықтималдылығын жоққа шығармады. 

“Қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл әрекет ауыр қылмыс және ерекше ірі қылмыс, біреудің мүлкін қасақана өртеу арқылы қорлау, сондай-ақ ормандарды қорлау болып саналады. Алайда бүгінгі күні қасақана өртеу немесе диверсия белгілері анықталған жоқ” – деп айтты Қостанай облыстық прокуратурасы басқармасының прокуроры Нұрсұлтан Сатубалдин.


  • Қостанай облысында үйі өртенгендерге 500 мың теңгеден алғашқы көмек көрсетіледі

Естеріңізге салсақ, осыған дейін Қостанай облысы Басаман орман шаруашылығының басшысы орман өртіне қатысты қамауға алынғаны жарияланды. Сот оны кінәлі деп тапса, ол он жылға бас бостандығынан айырылып, өмір бақи мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.

 

Талқылау