Қостанай облысында вакцинацияны тоқтатуға мәжбүр болды
Қостанай облысында вакцинацияны тоқтатуға мәжбүр болды. Өйткені аймақта "Спутник V" вакцинасы таусылып қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Емханалар мен ірі сауда орталығындағы бекеттерде ресейлік Спутник-V дозалары бітіп қалған. Мұның себебі - індетке қарсы екпе қабылдауға ниет білдірушілердің көбеюі.
Өңірде иммундау кезеңі басталғалы отыз мыңдай адам вакцина салдырған.
- Шымкентте кәсіпкерлердің наразылықтарынан кейін бас санитар дәрігер қаладағы шектеу шараларын өзгертті
- Біртановтың желіде тараған суретін қазақстандықтар қызу талқылауда
Денсаулық сақтау басқармасының өкілдерінің мәліметінше, екпенің кезекті легі осы апта аяғында жеткізілуі тиіс.
"Вакцинаның бірінші компоненті таусылды. Нұр-Сұлтан қаласына тапсырыс жолданды. Ертең 5 мың доза жеткізіледі. Сәуірдің 25-26-сы күндері 21 мың, ал 28 сәуірде 6 мың доза күтіп отырмыз", - деді денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Анжела Бексұлтанова.
Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазіргі кезде Қазақстанда қолданылып жатқан "Спутник-V" вакцинасының тиімсіз екенін айтқаны туралы ақпарат тарады.