Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында аю тістеп алған қыз жасанды комада жатыр

Аюдың тосын мінезінен зардап шеккен қыз жасанды комада жатыр. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

кома

Ведомствоның мәліметінше, қыздың жағдайына байланысты дәрігерлер кеңейтілген кеңес өткізген.

"Кеңейтілген кеңес тамыр хирургтарының және бейнебайланыс арқылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс травматологы Болат Нағимановтың қатысуымен жүргізілді. Қосымша емдеу жолдары ұсынылды. Қыз жансақтау бөлімінде өкпені жасанды желдетумен жасанды комада жатыр", – деп хабарлады басқарма.

Айта кетейік, бұған дейін Қостанай облысында қызды аю тістеп алғаны хабарланған болатын.

Ақберен Амангелді
Сейсенбі, 07 Қыркүйек, 2021 16:55
Талқылау