Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында 80 жастағы қария қарақшының құрбаны болды

Қостанай облысында 80 жастағы зейнеткер қарақшылықтың құрбаны болды. Аманқарағай елді мекенінде болған қылмысты Қостанай облыстық ПД басшысы Ерлан Омарбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

19 наурыз күні белгісіз біреу 80 жастағы қарияны картоп сатып аламын деген сылтаумен алдап, үйіне кіріп алған. 

"Күдікті күш қолданып, зейнеткерді байлап қойып, 300 мың теңгесін алып кеткен", –  деді Омарбеков. 

Қылмысты әшкере қылуға Әулиекөл, Қамысты аудандарының полиция бөлімшелері жұмылдырылды. 

Жедел іздестіру шаралары барысында Қамысты ауданы аумағында 36 жастағы күдікті ұсталды. Ол бұған дейін де ұқсас қылмыстар үшін істі болған. 



Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды, Қылмыстық кодекстің 192-бабы ("Қарақшылық") бойынша тергеу жүруде. 

Назгүл Әбушәріпқызы
Сәрсенбі, 13 Сәуір, 2022 15:19
Талқылау