Қостанай облысында 13 жасар қызды зорлады деген күдікпен экс-депутат ұсталды
Қостанай облысында кәмелет жасына толмаған қызды зорлаған ер адам ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: news.sky.com
Өгей қызын Лисаков қаласының тұрғыны әрі танымал кәсіпкер зорлады деген болжам бар.
НеМолчи қорының мәліметінше, күдікті қалалық мәслихаттың бұрынғы депутаты болуы мүмкін.
Қостанай облысы полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті ұсталды.
"16 жасқа толмаған адамға қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттер жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп отыр. Күдікті қамауға алынып, сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді", – делінген хабарламада.
Олар ұсталғанның "жеке ұйымның қызметкері" екенін айтты. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды.
Айта кетейік, бұған дейін Жасөспірімді зорламақ болған қазақстандық 15 жылға бас бостандығынан айырылғаны туралы жазған едік.