Жасөспірімді зорламақ болған қазақстандық 15 жылға бас бостандығынан айырылды
Павлодарда 14 жастағы жасөспірім қызды зорламақ болған ер адам сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына хабарлайды.
Фото: istockphoto.com
Оқиға 2024 жылдың маусымында болған.
Тергеу барысында 26 жастағы ер адамның жасөспірім қызбен пәтерде бірге болған кезде оған жыныстық зорлық көрсетуге тырысқаны анықталды. Қыз терезеден қашып шыққан, бірақ қылмыскер оны қуып жетіп, бұталардың арасына апарған. Сол кезде жақын маңда жүрген полиция көлігінен қорқып, ойын жүзеге асыра алмаған. Педофил көп ұзамай ұсталды.
Сот күдіктінің кінәсі куәгерлердің айғақтары мен сараптама қорытындылары негізінде дәлелденгенін мәлімдеді.
Сот үкімімен күдікті Ж кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында ағалары 6 жыл бойы зорлап келген 13 жастағы қыз бала босанғаны туралы жазған едік.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды