Коронавирустың таралуы бойынша Қостанай облысы "қызыл", Шымкент "сары" аймаққа көшті
Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы өзгерді. Жексенбі, 17 қазандағы мәліметтер бойынша, екі аймақта эпидемиологиялық жағдай нашарлады, ал бір аймақта, керісінше, жақсарды, деп хабарлайды Telegram ресми каналы Coronavirus2020.kz.
Жаңа деректерге сүйенсек, Қостанай облысы бүгін "сары" аймақтан "қызылға" өтті. Шымкент қаласы "жасылдан" "сары" аймаққа көшті. Бірақ Ақтөбе облысы "сары" аймақтан "жасылға" көшті, бұл аймақтағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғанын көрсетеді.
Жалпы алғанда, бүгінгі жағдай келесідей: "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.
"Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
"Жасыл" аймақта: Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстары.
Еске салайық, Қазақстанда соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 805 науқас анықталды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”