Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай қаласының әкімі коронавирус жұқтырды

Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ахметов

Бұл туралы қала басшысы Instagram-дағы парақшасында жазды. 

"Құрметті қостанайлықтар! Барлық сақтық шараларын қатаң сақтауға қарамастан, өкінішке орай, менің Covid-19 сынағы оң нәтиже көрсетті. Осы себеппен мен оқшаулануға кетемін және де жұмысымды қашықтықтан жалғастырамын. Осыған орай, қала тұрғындарын белгіленген барлық талаптар мен қажетті қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Біздің міндетіміз – шыдамдылық танытып, тазалыққа үлкен мән беру, өз отбасымызды қауіп-қатерден қорғау. Мұндай қиын жағдайда өз денсаулығын қорғауға саналы түрде қарау керек. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар" - деді Ахметов. 

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың жағдайы нашарлап, Нұр-Сұлтандағы ауруханаға ауыстырылғаны жайлы айтылған еді. 

Талқылау