Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай әкімі мұғалімдердің жағажайлардағы кезекшелігі туралы: "Мақсат орындалды, қайғылы жағдай болған жоқ"

Марат ЖүндібаевФото: ng.kz

Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев мектеп мұғалімдерінің биылғы жаздағы жағажайлардағы кезекшілігі туралы пікір білдіріп, басты мақсат – судағы апаттарды болдырмауға қол жеткізілгенін атап өтті. Оның айтуынша, мұғалімдерді жағажайларда немесе басқа су айдындарында балаларды тегін бақылауға мәжбүрлегені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Alau.kz желілік басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

"Мақсат орындалса, сол дұрыс емес пе? Ешкім тегін істе деп мәжбүрлеген жоқ. Әкім "бәріне жағалауға шықсын, бәрі кезекшілік жасасын деп айтты" деп түсіндірді. Бұл кімге ұнасын? Біз өздері жазылып, өздері жалақыға істейтіндер туралы айтып отырмыз. Өз еркімен. Ал онда жалауды желбіретіп, "Қостанайда бейберекетсіздік болып жатыр! деп дүрліктірді. Бұл дұрыс емес қой. Әр адамның өмірі, әсіресе, баланың өмірі құнды", – деді әкім.

Қала басшысы кезекшілікке тартылғандардың жалақы мөлшерін айтып, ешкімге "жүзу, біреуді жүзіп барып құтқару туралы" айтылмағанын атап өтті.

"Адамдар қосымша жалақы алды. Лагерьдегідей.... Орташа есеппен қанша алды? 200 мыңнан және одан жоғары", – деп келтіреді басылым қала әкімінің сөзін.

Еске салсақ, осыған дейін Қостанайда министрліктің тыйымына қарамастан мұғалімдерді жағажайға кезекшілікке шығарып жатқаны туралы жазған едік. Кейін қала басшысы осы ақпаратқа түсініктеме беріп, мұғалімдердің жағажайға кезекшілікке өз еркімен жазылғанын мәлімдеген еді.

Аида Тақабаева
Бейсенбі, 21 Тамыз, 2025 17:03
Талқылау