AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қосшыда тәрбиеші 2 жасар баланы ұмытып, балабақшаға қамап кеткен

Ақмола облысы Қосшы қаласындағы жеке меншік балабақшалардың бірінде бүлдіршін ғимаратта қамалып қалған. Аталған жайттың видеосын қала тұрғыны желіде жариялаған. Айтуынша, оның баласын мектепке дейінгі білім беру мекемесінде жалғыз қалдырып кеткен. Ақмола облыстық полиция департаменті оқиғаның мән-жайын анықтауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Литер" басылымына сілтеме жасап. 

Видео lesnayapolyana_inform паблигінде жарияланған.

"Қосшыдағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші екі жасар сәбиді ұмытып, ғимаратты құлыптап кеткен. Ата-анасы хабарласып, баланың жоғалғанын хабарлаған. Баланың әкесі полиция шақыртты. Ақырында бүлдіршін балабақшадан табылды. Сәбидің көп жылағаны және қорқып қалғаны байқалады. Тәрбиешілердің селқостығына ашуланған ата-анасы эмоционалды видео түсірген, бірақ желіде жарияламаған", – делінген постта.

Сондай-ақ, мәтінде балабақша әкімшілігінің ата-анаға видео түсіргені үшін сес көрсеткені атап көрсетілген. Аталған оқиғаға қатысты полиция департаменті пікір білдірді. Полицияның хабарлауынша, 12 сәуір күні 40 жастағы Қосшы тұрғыны 2019 жылы туған баланың ғимаратта қамалып қалғаны жөнінде хабар берген.


Нұр-Сұлтанда аутизммен ауыратын балаларды ұру дерегінен кейін балабақшалардың лицензиясын қайтару қарастырылмақ


"Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сол күні сәбидің анасы аталған факті бойынша ешкімге шағым түсірмейтінін жазбаша жеткізді. Алайда 13 сәуір күні әйел балабақша қызметкерлеріне қатысты шара қолдануды сұрады. Өзге ақпарат тергеу құпиясын сақтау мақсатында жарияланбайды", –  деп хабарлады полиция. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр