Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Косметолог әжімнің ерте пайда болуының алдын алу әдістерін атады

Пластикалық хирург, косметолог және дерматолог Пасихат Магомедова әжімнің ерте пайда болуының алдын алу әдістерін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ең алдымен, дәрігер терідегі әжімдердің пайда болу себептерін атап өтті. Олардың сыртқы түріне тұқым қуалаушылық пен өмір салты әсер етеді екен. Оның айтуынша, беттегі әжімдердің пайда болуына кәрілік қана емес, күн сәулесінің жиі түсуі, күйзеліске ұшырау және эмоциялардың белсенді көрінісі әсер етеді. Өмір салтын түзету терінің қартаюын бәсеңдетуге жәрдемдеседі. 

"Сапалы салауатты ұйқы, күн сәулесінің әсерін азайту, жаттығу, дұрыс тамақтану - қартаюмен күресте табысқа жетудің маңызды құрамдас бөлігі", - деді маман.

Маман бетке үйде күтім жасауды ұсынды. 

"Терінің беткі қабаттарын нәрлендіретін, майда әжімдерді тегістейтін косметикалық гиалурон қышқылы негізіндегі кремдер мен сарысуларды қолданғаныңыз жөн. Сонымен қатар SPF қорғанысы бар өнімдерді пайдаланыңыз. Әртүрлі инъекциялық және аппараттық процедураларға назар аударыңыз. Мысалы, гиалурон қышқылының интрадермальды инъекциялары теріні ылғалдандырады және жұқа әжімдерді тегістейді. Ал ботулиндік нейропротеинді инъекциялар мимика белсенділігін уақытша блоктайды. Осылайша маңдай, қас пен көздің арасында әжімдердің пайда болуын тоқтатады", - деді дерматолог Пасихат Магомедова. 

Талқылау