Қосымшасы арқылы тауар сатып алған: Түркістан облысының тұрғыны банкке 20 миллион теңге шығын келтірді
Түркістан облысында банкке 20 миллион теңге шығын келтірген күдікті тергелуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Сарыағаш ауданында болған. Жергілікті полиция бөліміне арызданған банк өкілі тұрғынның мобильді қосымша арқылы 20 миллион теңге шығын келтіргенін айтқан.
"Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркеді. Күдікті ретінде жергілікті тұрғын, жұмыссыз жас жігіт анықталды. Ол банк қосымшасы арқылы тауар сату-сатып алу операцияларын жасаймын деп, 1 ай ішінде 20 миллион қаражат алған. Алайда ешқандай тауар алмай, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап жіберген. Қазіргі таңда ер адам қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", -делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарлам
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”