Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қоршаудан секіріп өтіп, ұстап алған: Елордада мектеп жұмысшысы қызды зорламақ болған ер адамды ұстады

Елордада №83 мектептің шаруашылық меңгерушісі қызды зорламақ болған ер адамды ұстап алған. Мектептегілер Любовь Шаукалованы марапаттады.

Қоршаудан секіріп өтіп, ұстап алған: Елордада мектеп жұмысшысы қызды зорламақ болған ер адамды ұстады

Сурет: "Елорда Инфо"

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Елорда Инфо» басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Білім мекемесіндегілер мектептің ауласында ішімдікке тойып алған ер адам зорлай жаздаған қыздың оқиғасын айтып берді. Ер адам қызға тап берген кезде, жанында ата-аналар болған екен. Олар көмек сұрап айқайлап, мектептің аумағына жүгірген. Осы кезде шаруашылық меңгерушісі Любовь Шаукалова олардың айқайын естіпті. 

«Ол қорықпастан ер адамның артынан жүгірді. Тіпті, қақпадан секіріп өтті. Мұның қалай болғанан елестете де алмаймын. Ол ер адамды қуып жетіп, тоқтатып, онымен сөйлесіп, тыныштандырды. Ер адам мас болған екен. Ол, тіпті, ер адамды суретке түсіріп үлгеріпті. Мұнан кейін мектептің аумағына қайтып келды. Осы кезде полицейлер де жетті. Яғни ер адам 200 метр жерге қашып үлгергендіктен, біздің қызметкеріміз оны ұстауға көмектесті», - дейді мектеп директоры Сәуле Теменова. 

Елордалық білім басқармасындағылар Любовь Шаукалованың барлық мектепке үлгі болатын әрекет жасағанын атап өтті.

«Өкінішке орай, мұндай жағдайлар болады. Любовь Шаукалованың тәрбиелеу процесіне қатысы болмаса да, ол мектепте жұмыс істеп, үнемі балалардың ортасында жүргендіктен, сақтығы мен жауапкершілігі көмектесті. Ол мектепте жұмыс істейтін адам ретінде белсенді азаматтық ұстанымын көрсетті. Біздің мектепте осындай адамдар қызмет ететініне қуаныштымыз. Барлық мектеп үшін үлгі. Кім болып жұмыс істейтініңе қарамастан, балалар үшін жауапты болу – бұл ең басты нәрсе», - дейді білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин.

Ал Любовь Шаукалова қарапайымдылық танытып, кез келген адам осындай қадамға барар еді, дейді. 

«Мен сол уақытта сол жерден табылдым. Ерекше ештеңе жасамадым. Өзімді батыр сезінбеймін. Тек сол маңда болдым», - дейді ол. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында ер адамның тапа-тал түсті студент қызды зорламақ болғанын хабарлаған едік. Сол маңда болған куәгер оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте жантүршігерлік жол апаты: Кондуктор әйел өліп, 13 адам ауруханаға жеткізілді

Зиян шеккендердің үшеуі - балалар

Енді Нұр-Сұлтанда: Елордада автобус пен тепловоз соқтығысты (видео)

Абырой болғанда, қоғамдық көліктің ішінде жолаушылар болмаған

"Жағдайы ауыр": Шамалғандағы апаттан зардап шеккен балаға ота жасалды

Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын ауыр деп бағалап отыр

"Он жыл бірге тұрдық, бірақ Шолпанның киноға деген талпынысы күшті болды": Жол апатына қайтыс болған Шолпан Елгезектің бұрынғы жұбайы сұхбат берді

Марқұм болған актриса экс-жұбайының бала-шағасымен өте жақын араласқан

Қоқыс үйіндісінен табылған 12 жасар қыз босанды

Дәрігерлер оны табиғи жолмен босандырып алған

ІІМ Шамалғандағы ауыр апат туралы: Автобус бағдаршамның қызыл белгісіне өтіп кеткен

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

«Мен ешнәрсе істей алмаймын»: Пойыз қаққан автобус жүргізушісінің соңғы сөзі (видео)

Автобус жолаушысы қайғылы жағдайдың алдында не болғанын айтып берді

"Жүргізушінің қозғалатын жері де болмады": Куәгер Шамалғандағы жол апаты туралы

Куәгердің сөзінше, жантүршігерлік апат қас-қағым сәтте орын алған

Алматының ең қарт тұрғыны 106 жасқа толды

Кейуана Алматымен бірге өскенін, шаһардағы өзгерістердің бәрі көз алдында екенін айтады

Премьер-министрге сауал жолдаған: Шамалған тұрғындары бір жыл бұрын пойыздар мәселесіне шағымданған

Тұрғындардың көтерген мәселесіне депутаттар да араласып, көпір салынуын сұраған
Çàãðóçêà...