Соңғы жаңалықтар

Қоршаған ортаға зиян келтірген қазақстандықтарға салынатын айыппұлдың мөлшері екі есе өседі

Қазақстанда табиғатқа зиян келтіргендерге салынатын айыппұлдың мөлшері екі есеге артпақ. Бұл туралы экология министрі Мағзұм Мырзағалиев онлайн брифинг барысында айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министр қоршаған ортаға зиян келтіргендерге қандай мөлшерде айыппұл салынатынын айтты. Айыппұлдың көлемі әртүрлі болады. 

"Табиғатты қорғау саласындағы құқық бұзушылықтар үшін азаматтарға салынатын айыппұл мөлшері 10 айлық есептік көрсеткіштен 20 айлық есептік көрсеткішке дейін өседі. Орта бизнес субъектілеріне 30 айлық көрсеткіштен 75 айлық көрсеткішке дейін және ірі бизнес өкілдеріне 70-тен 500 айлық көрсеткішке дейін өседі. Сонымен қатар, қоршаған орта саласында жұмыс жасап жүрген мамандардың құзіреттілігі артатын болады", - дейді Мағзұм Марзағалиев. 

Осылайша министр табиғатты қорғаудың маңыздылығын атап өтті. 

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда жануарларды қорғау туралы заң күшіне енетіні туралы жазған болатынбыз. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр