Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Магнум" өкілі супермаркеттердегі аласапыран туралы айтты: Қазақстандықтар дүкен сөрелерінен барлығын әкетіп жатыр

Әлеуметтік желілерде "Magnum" супермаркетінде түсірілген видео жаппай тарап жатыр. Халық коронавирусқа байланысты әбігерге түсіп, дүкен сөрелеріндегі азық-түлікті түк қалдырмай сатып алуда. Бірнеше арба ұн, қант және басқа да өнімдерді тиеген тұрғындар жайлы ірі супермаркеттің өкілдері түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Алматы қаласы бойынша бізде  39 супермаркет бар, ал Қазақстан бойынша 69. Соңғы күндері Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы дүкендерде үлкен қобалжулар байқалып жатыр, бірақ ол кейбір дүкендерде ғана. Біздің мамандар әлеуметтік желілерде дүкендердегі жағдай қалыпты екенін мәлімдеді. Үлкен кезек туындамау үшін қаладағы басқа дүкендерге қолайлы уақытта келе аласыздар, азық-түлік жеткілікті, бағаларды өзгертпейміз. Аз дегенде бір айға тасымалдаушылармен келісімшарт бар, соған байланысты біз бағаны өзгертпейміз, өйткені олар біздің келісімімсіз оны өзгертуге құқықтары жоқ. Бұл дүрбелең коронавирус басталуы мүмкін деген жаңалықтардан ғана туындаған жоқ, соңғы күндері доллар бағасының күрт қымбаттап кетуі де оған әсер етті. Доллардың бағасы қатты шарықтап кеткен жоқ, сондықтан азық-түлік қымбаттамайды. Тұтынушылардың жүктемесі шамамен 10 пайызға ғана артты. Күніне 69 дүкен бойынша 300 000-дай адам сауда жасайды. Біз сатып алушыларды дүрбелеңге салынбауға шақырамыз, азық-түліктің барлық түрі жеткілікті ", - дейді "Magnum" дүкендер желісінің пиар-менеджері Дмитрий Шишкин.

Еске сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронаврус пандемиясына қатысты кеңес өткізген еді. Ең алғашқы кезекте президент халықтың азық-түлікпен қамтамасыз етілуін қадағалауды тапсырған еді.

Бұған қоса вице-министр ойын-сауық орталықтарындағы кинотеатрлардың жұмысы тоқтағанымен, сауда орталықтары мен базарлар тұрақты түрде жұмыс істейді деп айтқан еді. 

 

 

 

 

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтауда қайырымдылық жасамақшы болған кәсіпкер бес күнге қамалды

Тегін азық-түлік алуға келген жұрт жаға-жыртысып, шу шуғарған

Петропавлда медициналық қызметкер өзінің 86 жастағы анасына коронавирус жұқтырған

СҚО-да ауру жұқтырған 18 адам тіркелген

Атырауда облыстық аурухананың 200 қызметкері 14 күнге карантинге жабылды

Ауруханада коронавирус жұқтырған науқас анықталыпты

Қостанайда маска киюді талап еткен жүргізушіні соққыға жыққан азамат ұсталды

Іздестіру барысында Қостанай қаласының 31 жастағы тұрғыны ұсталды

Қостанай облысына коронавирус қалай келді?

Қостанайда алғаш рет короавирус анықталып отыр

Қазақстанда коронавирусқа тағы 4 адам шалдықты

Науқастардың саны 464-ке жетті

Түркістан облысында бір жастағы сәби мен оның анасы коронавирус жұқтырған

Соңғы тіркелгендер - коронавирусты жұқтырғандармен байланыста болғандар

"Бұл елде панасыздардың өзіне өлмейтіндей жағдай жасалған": Журналист Назира Байырбек АҚШ-та өзін таңғалдырған дүниелер туралы

Оқуға түсіп, отбасымен АҚШ-қа аттанған журналист алғашқы әсерлерімен бөлісті

Қостанайда автобус жолаушысы маска киюді талап еткен жүргізушіні ұрып-соқты

Полицейлер 31 жастағы Қостанай қаласының тұрғынын ұстады

Біртанов: Егер коронавирус күзде қайталанса, біз оған дайын болуымыз керек

Басқа елдерде індет аяқталғанымен күн сайын жаңа науқастар пайда болуда
Çàãðóçêà...