Коронавирустың іздері пандемия басталғанға дейін жарты жыл бұрын байқалған

Италиялық ғалымдар 2019 жылғы қыркүйектегі пациенттердің қан үлгілерінен SARS-CoV-2 коронавирусының іздерін тапты. Бұл Қытайдағы Уханьда алғашқы инфекция тіркелгенге дейін бірнеше ай бұрын болған. Жұмыс нәтижелері SAGE journals журналында жарияланды.

коронавирус

COViD-19-ға қарсы антиденелері 2019 жылдың қыркүйегі мен 2020 жылдың наурызы аралығында өкпе обырына скринингтік тексеруден өткен симптомсыз пациенттердің 959 үлгісінің 111-де анықталды. Бұл ретте антиденелер табылған үлгілердің 14%-ы қыркүйек айында алынды, ал 30%-дан астамы ақпанның екінші аптасында болды. Пациенттердің 50%-дан астамы Ломбардияда өмір сүрген, бұл - Италиядағы коронавирустан ең көп зардап шеккен аймақ.

Мамандар елдегі алғашқы инфекция жағдайы Қытайдан келген саяхатшыдан 2020 жылдың қаңтарында анықталғанын еске салды. Вирустың өршуі Қытайдың Ухань қаласында 2019 жылдың желтоқсанында болды және сол жерден бүкіл әлемге таралды.

Алайда, ғалымдар анықтаған COViD-19-ға қарсы антиденелер суық тиюді тудыратын туыстас вирустар әсерінен де пайда болуы мүмкін.  Енді мамандар коронавирустың "туыстарының" әсерінен туындайтын кросс-иммунитеттің ықтималдығын, сондай-ақ сынамалардың ластану мүмкіндігін жоққа шығару үшін қосымша зерттеулер жүргізуі керек.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр